Бүгін «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» тұжырымдамасы аясында Шымкент қаласында электрондық тұтыну жүйелерін («вэйптерді») ерікті түрде тапсыру жөніндегі кең ауқымды профилактикалық акция өз жұмысын бастады.
Акцияның алғашқы күні қаланың бес ауданында вэйптерді қабылдау пункттері ашылды.
Акцияның мақсаты – электрондық тұтыну жүйелерінің (вэйптердің) заңсыз айналымына жол бермеу, азаматтарға мұндай іс-әрекеттердің заңға қайшылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және вэйптерді ешқандай жауапкершіліксіз ерікті түрде тапсыру мүмкіндігін беру.
Іс-шараға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жастар ұйымдары мен еріктілер қатысуда.
Шымкент қаласының прокуратурасы қала тұрғындарын акцияға белсенді қатысып, жастардың болашағы мен ұлт денсаулығын қорғауда өз үлесін қосуға шақырады.
Шымкент қаласының прокуратурасы