Алимент өндіру бағытында қатаң шаралар қабылдануда

Алимент өндіру бағытында қатаң шаралар қабылдануда

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар қабылдауда.

Ағымдағы жылы прокуратура бастамасымен 38 борышкерге қатысты ҚК-нің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істер сотқа жолданып, борышкерлерге қатысты сот үкімдері шықты.

Бұл Республика бойынша алимент төлеу міндетін орындамаған борышкерлерге қатысты тіркеліп сотқа жолданған қылмыстық істердің 9% құрауда.

Соңғы сот үкімі бойынша 4 млн теңге алимент берешегі бар борышкер ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аудан прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚК-тің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Алдағы уақытта қала прокуратурасының ұйымдастырумен осы бағытта жұмыстар өз жалғасын табады.

                                                                            

Шымкент қаласының прокуратурасы