Прокуратура балалар орталығы тәрбиеленушісінің құқықтарын қорғады

Прокуратура балалар орталығы   тәрбиеленушісінің құқықтарын қорғады

Прокуратура балалар орталығының тәрбиеленушісіне алимент өндіру бойынша конституциялық құқықтарын қалпына келтірді.

2015 жылдан бастап И. Керимбаева «№6 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ (бұдан әрі – Балалар орталығы) пайдасына кәмелетке толмаған қызының асырауына 1,1 млн теңге мөлшерінде алимент төлеуге міндетті болған.

Тексеру нәтижесінде 2025 жылғы 27 наурызда жеке сот орындаушысы Балалар орталығының бұрынғы заңгерінің жазбаша өтінішінің негізінде атқару құжатын орындамай қайтарғаны анықталды.

Нәтижесінде сот шешімі орындалмай, Балалар орталығының тәрбиеленушісінің конституциялық құқықтары бұзылған.

Прокуратура актісі бойынша алимент өндіру жөніндегі атқарушылық іс жүргізу қайта қозғалып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Әл-Фараби ауданының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және сот актілерінің толық орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы шараларды жалғастыруда.

 

  Шымкент қаласының прокуратурасы