Қоғамдық тәртіпті нығайту және қоғамдық орындарда мазалаудың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданының прокуратурасы полиция қызметкерлерімен бірлесіп әуежай аумағында рейдтік іс-шара өткізді.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабын (қоғамдық орындарда тиісу) бұзу деректері анықталды.
Тіркеусіз және тиісті рұқсат құжаттарынсыз жолаушыларды тасымалдау қызметтерін табандылықпен ұсынған тұлғалар әшкереленді.
Абай ауданының прокуратурасы ескертеді: қоғамдық орындарда тиісу үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген — ескерту жасау немесе 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылған.
Шымкент қаласының прокуратурасы