Шымкентте есірткіні тұтынумен байланысты есепте тұрған 7 азамат дәрігерлердің ескертуіне қарамастан міндетті медициналық зерттеп-қаралудан және емделуден жалтарған.
Прокуратураның бастамасымен аталған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 429-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрқайсысы 19 660 теңгеге айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды және алдағы уақытта жүйелі түрде зерттеп-қаралатын болды.
Бұл бағыттағы жұмыстар прокуратураның ерекше бақылауында.
Ескертпе: есірткіні тұтынуға байланысты есепте тұрған адамдар алғашқы 6 айда ай сайын, содан кейін тоқсанына кемінде бір рет медициналық тексеруден тұрақты өтуге міндетті.
Бұл ереже Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен белгіленген.
Прокуратура медициналық тексеруден өту тәртібін сақтауға және денсаулық пен емдеу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Шымкент қаласының прокуратурасы