Мемлекет басшысының ізгілік қағидаты негізінде Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай рақымшылық жасау туралы Заңы қолданысқа енгізілді.
Аталған заң – еліміздің қылмыстық және қылмыстық-атқару саясатын ізгілендіруге бағытталған маңызды қадам.
Ол азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға айрықша мән беріп, әділеттілік пен адамгершілік қағидаттарын басшылыққа алады.
Осыған сәйкес, Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 655 сотталғанға рақымшылық жасау туралы Заң қолданылуға жатады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен 185 сотталғанға қатысты ұсыныстар қаралып, олардың ішінде 88 адам жазадан толық босатылып, 97 адамның жаза мерзімі қысқартылды.
Рақымшылық — тек заңдық шешім ғана емес, сонымен қатар қоғамның ізгілікке, кешірім мен сенімге негізделген бағытының айқын көрінісі.
Шымкент қаласының прокуратурасы