Мемлекетке келтірілген процестік шығындар қайтарылды

Мемлекетке келтірілген процестік шығындар қайтарылды

Халықаралық іздеуде жүрген сотталушы 2024 жылдың шілде айында Грузия Республикасында ұсталып, Қазақстанға экстрадициялау барысында мемлекет бюджеті есебінен 1,7 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотымен Әл-Фараби ауданы прокуратурасының шығынды өтеу туралы талабы толық қанағаттандырылды.

Бүгінгі таңда қозғалған атқарушылық іс жүргізу құжаты негізінде борышкерден барлық шығын толықтай мемлекет пайдасына өндірілді.

Бұл – заң үстемдігін қамтамасыз ету мен мемлекет шығындарын қайтарудағы прокуратура органдарының тиімді жұмысының нақты нәтижесі екенін көрсетеді.

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы