Бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алдын алды

Бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алдын алды

Тұран ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау аясында 61 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді.
Талдау жұмыстары барысында жергілікті атқарушы органның халықтың қатысуын мақұлдамай, сатып алу жоспарына ойын алаңының құрылысын негізсіз енгізгені анықталды.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, жергілікті бюджеттердің жобасын әзірлеу процесі «Халық қатысатын бюджетті» іске асыруды қамтиды.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі нәтижесінде жергілікті атқарушы органның сатып алу жоспарынан 61 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражатының жұмсалуын негізсіз жоспарлау алынып тасталды, жол берілген бұзушылық үшін аудан әкімі аппаратының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аудан прокуратурасы мемлекеттің мүддесін қорғау және бюджет қаражатының нысаналы пайдалануын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады.

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы