Шымкент қаласының прокуратурасында ұжым ішіндегі өзара әрекеттестікті нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған командалық тренинг өткізілді.
Іс-шара бағдарламасына қызметкерлер арасындағы коммуникация мен өзара түсіністікті арттыруға көмектесетін командалық жаттығулар мен іскерлік ойындар ұйымдастырылды.
Мұндай форматтар заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиімді шешуге қабілетті ұйымшыл ұжым қалыптастыруға ықпал етеді.
Қала прокуроры әр командамен жеке кездесіп, қызметкерлердің ұсыныстарын талқылады және қойылған сұрақтарға жауап берді.
Бұл ашық диалог ұжым ішіндегі сенімді нығайтып, өзара түсіністікті арттыруға мүмкіндік берді.
Осындай бастамаларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр — бұл командалық рухты қолдауға, идеялар алмасуға және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Шымкент қаласының прокуратурасы