Шымкенттің 290 мектебінде «Прокурорлық сағат» өтті

Шымкенттің  290  мектебінде «Прокурорлық сағат» өтті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласының 90 мыңнан астам оқушысы «Прокурорлық сағат» атты іс-шараға қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушыларға құқық қорғау органдарының ардагерлері өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара аясында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында әзірленген «IDos» атты ресми TikTok аккаунты таныстырылды.

Аталған платформада жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық бейнероликтер тұрақты түрде жарияланып отырады.

Қысқа, бірақ мазмұнды бейнероликтер арқылы оқушыларға өмірлік маңызды бағыт-бағдар, дұрыс мінез-құлық үлгілері мен құқыққа қайшы әрекеттердің салдары түсіндіріледі.

Балалар – біздің болашағымыз. Оларға қамқорлық жасау – әр азаматтың борышы.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы