Шымкентте Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған флешмоб өтті

Шымкентте Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған флешмоб өтті

Шымкент қаласының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
Салтанатты жиынға барлық құқық қорғау және күштік құрылымдардың өкілдері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ қаланың спортшылары мен студенттері қатысты.
Бұл іс-шара — қатысушылардың заңдылық, құқықтық тәртіп және халыққа қызмет ету қағидаттарына адалдығын көрсеткен патриоттық флешмоб болды.
Жиын барысында еліміздің Тәуелсіздігін, азаматтардың құқықтарын және мемлекеттіліктің негіздерін бейнелейтін Конституцияның макеті көрсетілді.
Қала прокуроры Ғабит Мұқанов өз сөзінде «Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі ерекше рөлін атап өтіп, өткен онжылдықтар ішінде Ата Заңымыз мемлекеттің тұрақты дамуының берік құқықтық негізіне айналғанын» айтты.
Сонымен қатар, барлық қызметкерлерге қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Жиын соңында қала прокуроры заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және халықты құқықтық ағарту ісінде ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады.
Іс-шара патриотизм, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мемлекеттік негіздерге деген құрмет рухында өтті.


Шымкент қаласының прокуратурасы