«Үш дос - Үш тағдыр» атты деректі фильмнің тұсаукесері

«Үш дос - Үш тағдыр» атты деректі фильмнің тұсаукесері

Шымкент қаласының прокуратурасы Қала әкімдігінің қолдауымен қоғамдық сананы оятуға бағытталған жаңа «Үш дос - Үш тағдыр» деректі фильмді ұсынады.
Фильм есірткі тасымалы мен тұтынуының жасөспірімдер мен олардың отбасыларына әкелетін қайғы-қасіретін ашып көрсетеді.
Ұзақтығы 13 минуттық фильм үш жас жігіттің тағдыры арқылы қоғамдағы күрделі мәселені шынайы жеткізеді.
Олардың әрқайсысы – бір қателік жасаған, ал ол қателік бүкіл өмірін өзгерткен. Фильмде олардың аналарының көз жасына толы естеліктері де бар.
Үш дос - Үш тағдыр - жай ғана деректі фильм емес, бұл – шынайы мойындау, ескерту, әр ата-ана мен әр жасөспірімге арналған үндеу.
Фильмнің басты идеясы – бір ғана батырма, бір ғана шешім адамның тағдырын түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін.
Премьера әлеуметтік желілерде және жергілікті арналарда өтеді.
Ресми хэштегі: #ТізбектіҮзҮш дос - Үш тағдыр


Шымкент қаласының прокуратурасы