Шымкент қаласында «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Шымкент қаласында «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

​​​Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында қала прокуратурасының бастамасымен дөңгелек үстел өтті.
​Іс-шараға сот, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
​Жиынды қала прокурорының орынбасары Марат Ержан ашып, Конституцияның қоғамдағы орны мен адам құқықтарын қорғаудағы маңызына тоқталды.
​Талқылау барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, қылмыстық процесс шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ ҚР Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларын орындау мәселелері көтерілді.
​Жиын соңында қатысушылар құқықтық мемлекетті одан әрі нығайту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және жас буынды елжандылық пен әділеттілікке тәрбиелеу – баршаның ортақ міндеті деген тоқтамға келді. ​Дөңгелек үстел ортақ мақсаттарды жүзеге асыру жолында бірлескен ынтымақтастық пен жауапкершілікті күшейтуге шақырған консенсуспен қорытындыланды.

Шымкент қаласынының прокуратурасы

https://www.instagram.com/reel/DNpWkTQo-v6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==