Шымкент қаласында прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп, алимент өндіруге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.
Шара барысында жеке сот орындаушыларының қатысуымен борышкерлердің атына тіркелген автокөліктер тексерілді.
Прокуратураның тапсырмасымен 36 алимент төлемей жүрген тұлғаның көлігіне қатысты ұстап, арнайы тұраққа жеткізу туралы қаулы шығарылды.
Олардың ішінен «Сергек-Қорғау» жүйесі мен Жедел басқару орталығының көмегімен анықталған 7 көлік айыптұраққа жеткізілді.
Бір күн ішінде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 4,7 млн теңге көлемінде алимент қарызы өндірілді.
Прокуратура баланың құқықтары мемлекет қорғауында екенін, ал алимент төлеуден жалтару — қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
Шымкент қаласының прокуратурасы