Интернет-дүкендер мен онлайн қызметтердің дамуына байланысты алаяқтар жаңа тәсілдер ойлап табуда. Соңғы кезде кең тараған әдіс — жалған сәлемдеме хабарламалары.
Алаяқтар SMS жіберіп немесе қоңырау шалып, өздерін курьерлік қызмет өкілі ретінде таныстырады.
«Мемлекеттік сыйлық», «ірі компанияның акциясы» деген сылтаумен сәлемдеменің жеткізу ақысын төлеуді сұрайды — сілтеме арқылы не банк шотына тікелей аударуды талап етеді.
Есте сақтаңыз: Мемлекеттік органдар мен ірі компаниялар курьер арқылы сыйлық таратпайды.
Шынайы сыйлықтар үшін жеткізу ақысы алынбайды.
Осындай күмәнді хабарлама алсаңыз, сілтемелерге өтпей, оларды дереу жойыңыз.
Ақпаратты тексеру үшін компанияның ресми сайтына кіріңіз немесе 102 нөміріне хабарласыңыз.
Сақтық — ең жақсы қорғаныс.
Шымкент қаласының прокуратурасы