«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қоғамдық орындарда мазалаудың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданының прокуратурасы полиция қызметкерлерімен бірлесіп әуежай аумағында рейдтік іс-шара өткізді.
Тексеру барысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 449-бабын (қоғамдық орындарда мазалау) бұзу фактілері анықталды. Тіркеусіз және тиісті рұқсат құжаттарынсыз жолаушы тасымалдау қызметтерін табанды түрде ұсынған тұлғалар әшкереленді.
Прокуратураның бастамасымен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әуежай аумағына шлагбаум мен жол белгілері орнатылды. Бұл бақылаусыз кіріп-шығуды шектеуге және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Прокуратура ескертеді: қоғамдық орындарда мазалағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген — ескерту немесе 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
Шымкент қаласының прокуратурасы