Әл-Фараби ауданы прокуратурасы алимент бойынша қалыптасқан берешектің өндірілуін қамтамасыз ету мақсатында, уәкілетті органдармен бірлесіп, алимент өндіруге бағытталған рейдтік іс-шара ұйымдастырды

Әл-Фараби ауданы прокуратурасы алимент бойынша қалыптасқан берешектің өндірілуін қамтамасыз ету мақсатында, уәкілетті органдармен бірлесіп, алимент өндіруге бағытталған рейдтік іс-шара ұйымдастырды

Әл-Фараби ауданы прокуратурасы алимент бойынша қалыптасқан берешектің өндірілуін қамтамасыз ету мақсатында, уәкілетті органдармен бірлесіп, алимент өндіруге бағытталған рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

 

Іс-шара кезінде ЖСО-ның өндірісіндегі атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлерге тіркелген көлік құралдарының болуы тексеріліп, аудан прокуратурасының нұсқауына сәйкес ЖСО-мен 36 борышкердің автокөліктерін ұстау және арнайы тұраққа қою туралы қаулы шығарылды.

 

Іс-шара шеңберінде аудан прокуратурасы Шымкент қаласының Полиция департаментінің Жедел басқару орталығымен өзара іс-қимыл жасай отырып, борышкерлердің көлік құралдарын қала аумағында «Сергек-Қорғау» ақпараттық-іздестіру жүйесі арқылы анықтау жұмысын жүргізді.

 

Алимент бойынша қалыптасқан берешегі бар 7 борышкердің меншігіндегі 7 автокөлік ұсталып арнайы автотұраққа жеткізілді.

Рейдтік іс-шара нәтижесінде бүгінгі күні 3 атқарушылық іс жүргізу бойынша 4 777 286т. алимент бойынша қарыз өндірілді.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы