Шымкентте салауатты өмір салтын насихаттауға арналған республикалық турнир өтті.
Бұл жарыс жарқын әрі мағыналы іс-шараға айналды.
Іс-шараға 100-ден астам ерекше балалар қатысып, өз күштері мен мүмкіндіктерін сынап көрді.
Жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға қолдау мен шабыт сыйлады.
Бұл тек спорттық жарыс қана емес, қоғам бірлігін, мейірімділік пен қайырымдылыққа бағытталған қадамды білдіретін маңызды іс-шара болды.
«Заң мен Тәртіп» апталығы аясында «Таза өмір – сенің таңдауың» тақырыбында қоғамға қауіпті құбылыстар – нашақорлық, лудомания және буллингтің зияны мен салдары туралы кеңінен насихаттау жүргізілді.
Бұл зұлымдықпен күресу – барша азаматтардың ортақ борышы екені ерекше атап өтілді.
Прокуратура органдарының басты міндеттерінің бірі – ерекше балалардың құқықтарын қорғау екендігі және тек биылдың өзінде осындай санаттағы 4 мыңға жуық азаматтың құқығы қорғалғаны айтылды.
Бұл іс-шара – тек спорттық жарыс емес, қоғамның бірлігі мен игі істерге жұмылуын білдіретін маңызды қадам болды.
Еліміздің болашағы – балалардың қолында. Ал біз – балалардың қамқорлық, теңдік пен қолдау көрсетілетін әділетті қоғамда өсіп-жетілуіне үлес қосуға міндеттіміз.
Шымкент қаласының прокуратурасы