Прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

Прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

Абай ауданының прокуратурасымен жүк көліктеріне қызмет көрсетумен айналысатын (жөндеу, бөлшектер сату, жүктерді тасымалдау) «MARSTRANS COMPANY» ЖШС, «GOLD Aluminum» ЖШС және «Тир Парк «Томирис» ЖШС-ның өтінімдері негізінде аталған ұйымдардың үздіксіз жұмыс жасалуы қалпына келтірілді.

         «Шымкент-Самара» тасжолының Шымкент қаласына кіре берісінде орнатылған 3.4 (жүк көліктеріне тыйым салу) жол белгілері көрсетілген кәсіпкерлердің қызметіне кедергі келтіргені анықталды.

         Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жол белгілері Ақжарсай көшесінің қиылысына ауыстырылып, кәсіпкерлердің кедергісіз өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, заң бұзушылықтарға жол берген лауазымдық тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

         Прокуратураның уақтылы ден қоюы нәтижесінде үш бизнес субъектісінің қызметін тоқтатуға жол берілмеді.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы