Аудан прокурорларының атқарылған жұмыстары бойынша есептері

Аудан прокурорларының атқарылған жұмыстары бойынша есептері

Алқа мәжілісінде  аудан прокурорларының заңдылық пен азаматтар және бизнес субъектілерінің конституциялық құқықтарын қорғау бағытындағы атқарылаған оңды жұмыстары туралы баяндамаларын тыңдалды.

Мысалы, пробацияда тұрған тұлғаларды бақылау «Кибер Бақылау 2GIS» жүйесі арқылы күшейтілді.

Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданының прокуратурасы мен аудандық пробация қызметі «Кибер Бақылау 2GIS» жүйесін пайдалану арқылы сотталғандарды бақылау жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

GPS-навигацияға негізделген бұл жүйе пробация қызметкерлеріне пробацияда тұрған тұлғалардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Аталған технологияны енгізу – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мен құқық қорғау органдарының жұмысын оңтайландырудағы маңызды қадам.

Бұдан бөлек, Еңбекші ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тиімділігін арттыру мақсатында IT-мамандардың көмегімен индустриалды аймақтағы бизнес нысандары туралы мәліметтер енгізілген цифрлық платформаны әзірледі.

Платформа геонавигациялық функциясы бар «Яндекс карта» негізінде құрылған интерактивті картамен интеграцияланған.

Қала прокуроры Ғабит Мұқанов бұл жобаларды жан-жақты қарап, олардың жүзеге асырылуын қатаң бақылауды тапсырды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы