Заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында белсенді әрі нәтижелі жұмыс жүргізілді

Заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында белсенді әрі нәтижелі жұмыс жүргізілді

Қала прокурорының орынбасары Рашид Әміров қадағалау актілері негізінде уәкілетті органдардың 1185 заңсыз қаулысының күші жойылып, 1100 азаматтың құқығы қалпына келтірілгенін және бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 есеге жоғары екенін атап өтті.

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар акциялар өткізілді.

Тиімді үйлестіру мен алдын алу жұмыстарының нәтижесінде жолдарда оң өзгерістер байқалды: жол-көлік оқиғалары 3,6%-ға, қаза тапқандар саны 19,2%-ға, зардап шеккендер саны 10%-ға төмендеді.

Борышкерлерге арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, оның нәтижесінде 26 адам тұрақты жұмысқа орналасып, тағы 42 азамат жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуге алынды.

Қала прокуроры сот орындаушыларының жұмысын жандандыруды, жұмыссыз борышкерлер үшін тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізуді, ал еңбекке орналасудан жалтаратын тұлғаларға қатысты — қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейінгі ең қатаң шараларды қолдануды тапсырды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы