Қала прокурорының орынбасары Ержан Марат өзінің баяндамасында жекелеген қылмыс түрлерінің өсуіне тоқталды.
Алқа отырысында құқық бұзушылық профилактикасы тиімді болу үшін жаңа тәсілдерді қолдану қарастырылды.
Онда жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алуға жоғарғы оқу орындарының студенттерін «Көмекші инспектор» ретінде тарту ұсынылды.
Қала прокуроры Ғабит Мұқанов - «Азия Сервис» ІТ-серіктестігімен жасалған меморандум аясында жасанды интеллект арқылы олардың техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, есірткі шоттарын жедел бұғаттау тәжірибесін қолданып, жаңа цифрлық әдістер қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, есірткі қылмысы бойынша жедел-тергеу тобын құруды және «Заң үйірмесі» жобасы бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.
Шымкент қаласының прокуратурасы