Шымкент қаласының прокуратурасы қабылдаған шаралар негізінде үлгілік шарттарға өзгерістер енгізу арқылы 1 327 кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде 1 инвестордың жылу энергиясын тұтынуға табиғи монополия субъектісі шектеген құқықтары қорғады.
Атап айтқанда, «Қуатжылуорталық-3» ШЖҚ МКК-нің жылу энергиясы мен ыстық сумен жабдықтау туралы шарттарды жасасу кезінде тұтынушыларға коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін есепке алу және ұсыну жөнінде артық талаптар қойғаны анықталды.
Прокуратура актісі негізінде шарттар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіріліп, кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.
Еске саламыз, проблемалық мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлар құқықтарын қорғау бойынша Call-орталыққа +77076150010 нөмірі арқылы немесе Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г, «Заңғар» Бизнес орталығы ғимараты) жүгіне алады.
Шымкент қаласының прокуратурасы