
Алқа мәжілісінде қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали өз баяндамасында қайта қылмыстардың алдын алу, сотталғандарды жұмыспен қамту және «FSMsocial» жобасы арқылы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Қабылданған шараларға қарамастан, бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстардың саны көбейген.
Қала прокуроры мемлекеттік айыптаудың сапасын арттыруды, прокурорлардың оқыту семинарлары мен практикалық дәрістерді жүйелі өткізуді, «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қылмыстық істер бойынша сот процесстерін ұйымдастыруды және оқу орындарында көшпелі сот отырыстарын өткізуді тапсырды.
Қайта жасалған қылмыстардың алдын алу бойынша «КИРЕБ» жүйесінде «Смарт» камерасы арқылы есептегі адамдарды тұрақты түрде бақылау туралы айтылды.
Сонымен қатар, Республика Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық заңын орындау кезінде заңдылықты қамтамасыз ету тапсырылды.
Шымкент қаласының прокуратурасы