
Бүгін Шымкент қаласының прокуратурасында 2025 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтуде.
Алқа отырысында қадағалау қызметінің нәтижелері талданып, негізгі көрсеткіштер қаралады және 2-жартыжылдыққа арналған басым бағыттар айқындалады.
Іс-шараны аша отырып, қала прокуроры Ғабит Мұқанов прокурорлардың барлық күш-жігері Бас Прокурормен белгіленген міндеттерді және Президенттің тапсырмаларын орындауға бағытталғанын атап өтті.
Шымкент қаласының прокуратурасы