«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокурорлар жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне аттестат тапсыру рәсімдеріне қатысты.
Іс-шара жылы әрі мерекелік атмосферада өтіп, түлектер, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін маңызды оқиғаға айналды.
Мектеп бітірушілерге есірткі, алкоголь және құмар ойындардың зияны туралы түсіндіріліп, бұл әдеттердің қандай кері салдарға әкелетіндігі жайлы айтылды.
Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында заң нормалары мен жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Жаңа өмірге қадам басқан жас түлектер үшін білім мен еңбек, адалдық пен жауапкершілік, тәртіп пен парасаттылықтың маңызы ерекше екені атап өтілді.
Мұндай іс-шараларға қатысу – қадағалаушы органдар мен жас ұрпақ арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ құқықтық сананы ерте жастан қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекетіміздің болашағы – балалардың қолында. Оларды адал, қауіпсіз әрі лайықты өмірге жетелер жолда қолдайық. «Таза өмір – сенің таңдауың!»
Шымкент қаласының прокуратурасы