«Таза өмір – сенің таңдауың»

«Таза өмір – сенің таңдауың»

26 маусымда нашақорлыққа қарсы халықаралық күн аясында ұйымдастырылған «Заң мен Тәртіп» апталығы шеңберінде Шымкент қаласының прокуратурасы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп

«Shym city» саябағында «Таза өмір – сенің таңдауың» атты концерттік бағдарламаға негізделген іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – нашақорлық, лудомания және буллинг сияқты қоғамдық қауіпті құбылыстардың алдын алу, олардың зиянды салдарын түсіндіру және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Бұл зұлымдықпен күресу – барша қоғамның ортақ міндеті.

Салауатты өмір салтын насихаттап, белсенді азаматтық ұстаным танытқан жастар қала прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара барысында қатысушыларға арнайы тақырыптық буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Мұндай ауқымды шаралар – тек алдын алу және ақпарат тарату ғана емес, сонымен қатар қоғамды біріктіруге, жастарға жаңа серпін беруге бағытталған маңызды бастама.

«Таза өмір – сенің таңдауың» – жас ұрпақтың болашағына жасалған маңызды қадам.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы