Қала прокуратурасы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қаржы қауіпсіздік күніне» орай форум және тұрғындармен көшпелі кездесулер ұйымдастырды.
Аталған кездесулерге мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, студенттер, жастар ұйымдары, спортшылар, блогерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесулер барысында азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер талқыланып, өздерін және жақын туыстарын интернет-алаяқтық, дропперлер, қаржы пирамидалары және есірткі қылмыстарынан сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Халықтың, әсіресе жастардың елеулі бөлігі қаланың мешіттеріндегі жұма намаздарына қатысатынын ескере отырып, имамдар азаматтарға қаржылық схемаларға қатысуға жол берілмейтіні туралы түсіндірме жүргізуде.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Шымкент қаласының прокуратурасы