«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Ақ жол» - «Жол қауіпсіздігі күніне» орай Шымкент қаласының прокуратурасы блогерлермен бірлесіп жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау мақсатында бейнеролик дайындады.
Бейнеролик кең аудиторияны қамтуға және жастардың құқықтық санасы мен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға арналған.
Қала прокуратурасы барлық азаматтарды көлік жүргізу кезінде сақтық танытуға және жолда белгіленген талаптарды қатаң ұстануға шақырады.
Жол ережелерін сақтау – әр жүргізушінің міндеті.
Шымкент қаласының прокуратурасы