Бүгін Шымкент қаласында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Тәртіп батырлары күні» акциясы өткізілуде

Бүгін Шымкент қаласында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Тәртіп батырлары күні» акциясы өткізілуде

Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша халықпен ашық әрі нәтижелі диалог орнату.

Акция барысында бірнеше маңызды бағыттар қамтылуда: балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, спорт үйірмелеріне қатысу мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік әлсіз топтарды қорғау, еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, лудоманияның (ойынқұмарлық) алдын алу, есірткіге қарсы профилактика және интернет алаяқтықпен күрес.

Шара аясында прокуратура, ішкі істер, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да уәкілетті мекемелердің өкілдері қала тұрғындарын көшпелі форматта қабылдап, құқықтық кеңес беріп, азаматтардың өтініштері мен арыздарын тікелей қарастыруда.

«Тәртіп батырлары күні» – бұл құқық қорғау органдарының қоғаммен байланысын нығайтатын, халықтың сенімін арттыратын маңызды қоғамдық акция болып табылады.

Мұндай шаралар құқықтық мәдениетті дамытып, қауіпсіз орта қалыптастыруға елеулі үлес қосады.

Іс-шара алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы