Бүгін біз болашақ заңгерлерді қабылдап, оларға прокуратура қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырдық. Бұл іс-шара Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидатының аясында ұйымдастырылды.
Ашық есік күнінің мақсаты - студенттерге өздері таңдаған мамандықтарының бағыт-бағдарын түсіндіру. Ашық диалог арқылы өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап беру және прокуратура органдарының жұмысын ашық көрсету.
Аталған іс-шара аясында студенттер қадағалау органының қызметімен, сондай-ақ прокуратураның заманауи технологияның, яғни IT мен Жасанды интелектінің мүмкіндіктерін қолдана отырып қол жеткізген жетістіктерімен танысты.
Мұндай шаралар студенттер мен қорғау органдары арасындағы байланысты нығайтып, құқықтық сауаттылығын арттыруға, шешімдер қабылдауға жол ашады.
Біз болашақ заңгерлермен білім мен тәжірибе негізінде бірге жұмыс істеуге әрдайым дайынбыз.
Прокуратураның есігі ынталы жастар үшін әрқашан ашық!
#ЗаңменТәртіп
Шымкент қаласының прокуратурасы