Бүгін Шымкент қаласында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Қозғалмалы қабылдау» акциясы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың өзекті мәселелерін жедел шешуге жәрдемдесу және құқық қорғау органдары мен халық арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету.
Акция барысында прокуратура, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қала тұрғындарын көшпелі форматта қабылдап, тегін құқықтық кеңес беріп, азаматтардың өтініштерін тыңдауда.
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында мұндай қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Шымкент қаласының прокуратурасы