Алқа отырысында есірткі қылмыстарына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі талқыланды.
Отырыс Президент ішкі саясаттың басымдығы ретінде айқындаған қауіпсіздік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өтті.
Қылмыстың трансформациялануы есірткі мен психотроптық заттарды өткізудің жаңа әдістеріне алып келді. Интернет есірткі сатудың алаңына айналды.
Героинді синтетикалық есірткілер алмастырды, олардың құрамдас бөліктері еркін сатылымда.
Тиісінше, есірткіге байланысты қылмыстар саны 17%-ға артты (181-ден 211-ге дейін). Прокуратураның бастамасымен 4 467 сайт пен сілтеме бұғатталды, соңғы 2 жылда 9 есірткі зертханасы жойылды.
Полиция, сот және сарапшылармен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қою бастамасы көтерілді.
Бұл стратегиялық әріптестік сараптама жүргізу мерзімін 3 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Нақты алгоритмге негізделген бірыңғай өзара іс-қимыл тетігі енгізілді.
«Бұл әлемдік үздік практикалар негізінде химиялық компоненттер мен прекурсорлардың заңсыз айналымын бақылауды қамтамасыз ету үшін тиімді құралдарды енгізуді талап етеді» – деді қала прокуроры Ғабит Мұқанов.
Отырыс қорытындысы бойынша қылмыстың алдын алуды күшейтуге және құқық қорғау мен арнайы органдардың қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірыңғай ведомствоаралық өзара іс-қимыл хаттамасы бекітілді.
Шымкент қаласының прокуратурасы