Шымкентте қоғамдық қауіпсіздіктің басымдықтары: жаңа идеялар, әріптестік және белсенді азаматтарды ынталандыру мәселелері талқыланды

Шымкентте қоғамдық қауіпсіздіктің басымдықтары: жаңа идеялар, әріптестік және белсенді азаматтарды ынталандыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласының прокуратурасында қала прокуроры Ғабит Мұқановтың төрағалығымен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөнінде Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары, қоғамдық және саяси бірлестіктердің жектекшілері, студенттер мен бизнес өкілдері қатысты.

Құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасында күш біріктіруге бағытталған меморандумдарға қол қойылды.

Прокуратураның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан: «Заң үйірмесі», «Киберпол», «BAIQA SYSTEM», «Кибер-Шериф», «Тазалық сақшылары», сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық пен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі жаңа ведомствоаралық тетіктер таныстырылды.

Құқықтық жобалар жәрмеңкесін «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқушылары өткізді. «Заң Үйірмесі» жобасы аясында ұйымдастырылған «Жастар көзімен қылмыспен күресу» шығармашылық байқауының жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

«Қауіпсіздік - тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Бұл – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Мемлекет пен азаматтар бір уақытта әрекет еткенде ғана, тәртіп нығайып, қоғамда сенім артады» - деп атап өтті қала прокуроры Ғабит Мұқанов.

Шымкент қаласының прокуратурасы