4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің егемендігі мен тұтастығын білдіретін, ұлттық сана мен патриотизмнің айшықты белгілері.
Мемлекеттік рәміздер, олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық заңмен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабында - әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені көрсетілген.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық рух пен елдіктің белгісі. Олар әрқашан биікте желбіреп, Қазақстанның абыройын әлемге таныта берсін!

 

Шымкент қаласының прокуратурасы