Шымкентте прокурорлар мектеп оқушыларына арналған форум ұйымдастырды

Шымкентте прокурорлар  мектеп оқушыларына арналған форум ұйымдастырды

24.05.2025 жылы прокуратура, қала әкімдігі және білім басқармасымен бірлесіп «ТАҢДА! ӨЗГЕР! ЖАСАМПАЗ БОЛ!» тақырыбында республикалық форум ұйымдастырылды.

Форумның мақсаты - оқушыларға болашақ мамандықты таңдау тетіктерін түсіндіру. 

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары, прокуратура, Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі, республиканың 8 қаласынан жоғары оқу орындардың өкілдері, ата-аналар, педагогтар және 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Өткізілген іс-шара барысында оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие өзекті кәсіптермен таныстыру және құқық бұзушылыққа жол бермеу, жазғы демалысты тиімді әрі қауіпсіз өткізуге байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

Шымкент қаласының прокуратурасы