Покуратура органдары ата-аналардың өз міндеттерін, оның ішінде алимент төлемдерін уақтылы орындауының маңыздылығын еске салады.
Балаларға деген қамқорлық – ересектердің жауапкершілігінен басталады. Алимент төлеу – бұл заңмен көзделген міндет қана емес, әрбір ата-ананың адамгершілік борышы.
Прокуратура органдары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.
Прокуратура барлық ата-аналарды балалары алдындағы жауапкершіліктерін еске алып, олардың лайықты болашағын қамтамасыз етуге шақырады.
Балалар - өмірдің қуанышы мен мәні ғана емес, сонымен қатар мемлекетіміздің болашағы.
Шымкент қаласының прокуратурасы