Шымкентте коммуналдық қызметкерлердің құқық бұзушылықпен күреске қосқан үлестері атап өтілді

Шымкентте коммуналдық қызметкерлердің құқық бұзушылықпен күреске қосқан үлестері атап өтілді

Шымкентте коммуналдық қызметкерлердің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бастамасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Жоба Президент тапсырмаларын орындау және «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету аясында іске қосылды.
Коммуналдық қызметкерлер құқық қорғау органдарының нағыз одақтастарына айналды. Олардың ілтипаты мен қамқорлығының арқасында соңғы айларда қала көшелерінен есірткі жарнамасы бар 6598 граффити алынып, құқық қорғау органдарына 2500-ден астам құқық бұзушылық туралы хабарлама түсіп, нәтижесінде 782 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 9 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның біреуі айыптау үкімімен аяқталды.
Белсенді азаматтық ұстанымы үшін Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов коммуналдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс білдіріп, марапаттады.
«Әрбір азамат өзінің айналасындағы тәртіп үшін жауапкершілікті сезінсе, мемлекет күшейе түседі.

Бірліктің арқасында бүгінде біз оның салдарымен күресіп қана қоймай, қылмыстың алдын алып жатырмыз, осыған байланысты Сіздерді коммуналдық қызметкер емес «тазалық сақшылары» - деп атауға толық негіз бар деді Ғабит Мұқанов.
​Коммуналдық қызметшілердің тазалық пен тәртіпке қосқан елеулі үлесі ескеріле отырып бірлескен акция өткізілді, қаланың адам көп жүретін көшелері мен саябақтарын тазалауға 3900-дан астам тәртіп сақшылары мен коммуналдық қызметшілер шықты.

Бұл қауіпсіздік пен әділеттілік жолындағы қоғам бірлігінің символына айналды.

Шымкент қаласының прокуратурасы