Шымкентте құқықтық тәртіп жөнінде Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Шымкентте құқықтық тәртіп жөнінде   Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Шымкентте қала прокуроры Ғабит Мұқановтың төрағалығында  Заңдылықты, құқық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Шараға құқық қорғау, арнайы және көші-қон қызметтерінің басшылары қатысты.

Отырыстың негізгі тақырыбы заңсыз көші-қонмен күрес болды - атап айтқанда, шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа орналастыру және тиісті тіркеусіз тұру фактілерінің артуы.

Көші-қонды бақылау саласындағы цифрлық трансформация қажеттілігіне ерекше назар аударылады. Жиынға қатысушылар міндетті саусақ ізін енгізуді, сондай-ақ заңсыз кіру және жалған жұмысқа орналасу арналарын анықтау , олардың жолын кесу үшін жасанды интеллектіні пайдалануды талқылады.

«Заңсыз көші-қон - тек есеп пен тәртіп мәселесі емес. Бұл экономикалық, әлеуметтік және құқықтық тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Біз қатал, дәйекті және белсенді әрекет етуіміз керек. Тәртіп  шекарадан басталады»  деп атап өтті Ғабит Мұқанов.

Отырыс қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына рейдтік іс-шараларды жандандыру, ведомствоаралық іс-қимылды күшейту, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырушыларға қатысты әкімшіліктен қылмыстық жауаптылықа  дейінгі шаралардың барлық кешенін қабылдау тапсырылды.

Сондай-ақ заңсыз көші-қонмен күресу шараларының тиімділігін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған практикалық ұсыныстар кешені әзірленді.

Шымкент қаласының прокуратурасы