Шымкентте отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша прокуратура брифинг өткізді

Шымкентте отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша прокуратура брифинг өткізді

Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат
бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлерге және қоғам өкілдерінің
қатысуымен өткен брифингте, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын
алуға бағытталған жаңа ведомствоаралық жобаны таныстырды.
Атап айтқанда 2025 жылғы 29 сәуірде прокуратура, полиция, сот,
сот-сараптамасы институты мен қалалық дағдарыс орталықтары
арасында «Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы»
Меморандумға қол қойылды және бұл мәтіндес құжат Қазақстанда
алғашқылардың бірі болып отыр.
«Меморандумның басты мақсаты – отбасылық зорлық-зомбылық
фактілеріне жедел әрекет ету жүйесін қалыптастыру,
жәбірленушілерді қорғау және құқық бұзушылардың жазасыз қалмауын
қамтамасыз ету» – деді прокурордың орынбасары.
Бастама аясында:
* Сот-медициналық сараптамалар бірнеше сағат ішінде, демалыс
күндерін қоса алғанда, жедел жүргізіледі;
* полиция құқық бұзушыларды дереу ұстап, жәбірленушілерді
дағдарыс орталықтарына жеткізеді;
* қылмыстық істер соттарда қысқа мерзімде қаралады;
* дағдарыс орталықтары зардап шеккендерге қажетті көмекті дер
кезінде көрсетіп, уақытша баспана ұсынады.
«Бұл бастама заңдылық, жауапкершілік және тұлғаға құрмет
қағидаттарына негізделген.
Біз қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарын бұл жұмысты
қолдауға және ақпаратты кеңінен таратуға шақырамыз», – деп
түйіндеді Ержан Марат.

Шымкент қаласының прокуратурасы