Шымкент қаласының сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі жойылып, мемлекетке 97 млн теңгеден астам қаржыны қайтару туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды.
Бұған дейін Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен «Konti Construction» ЖШС-ның банктік шоттарындағы ақша қаражаттарына қойылған инкассо нұсқамаларын жою және шектеулерді алып тастау туралы әкімшілік талабы қанағаттандырылған болатын.
Алайда Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жүргізген талдау нәтижесінде «Konti Construction» ЖШС-ның дебиторлық қарызы анықталған. Осыған байланысты серіктестіктің банктік шоттарына инкассо нұсқамалары қойылған.
Шымкент қаласының прокуратурасы бірінші сатыдағы соттың материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты апелляциялық өтініш енгізіп, мемлекет мүддесін қорғады.
#Заң_мен_Тәртіп