Прокурорлар салық дауы бойынша мемлекеттің материалдық мүддесін қорғады

Прокурорлар салық дауы бойынша мемлекеттің  материалдық мүддесін қорғады

Шымкент қаласының соты салық органының «GC» ЖШС-ға қатысты 18,5 млн теңгеге салықтық есептеу хабарламасын заңсыз деп танып, күшін жойған.

Салық төлеушінің талабын қанағаттандыра отырып, сот дауланып отырған хабарлама заңда белгіленген мерзімді бұзып шығарылған деген қате тұжырымға келген.

 Прокуратураның өтінішхаты бойынша сот актісінің күші жойылып, салық төлеушінің талаптарын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданды.

Осылайша, қабылданған шара негізінде мемлекеттің 18,5 млн теңгеге материалдық мүддесі қорғалды.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда. 

    

 #Заң_мен_Тәртіп

     Шымкент қаласының прокуратурасы