Дара кәсіпкер «Ж» есімді азаматқа заң талаптарына сәйкес аукцион өткізілмей ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсету үшін ауданы 0,0075га жер учаскесі 3 жылға табысталып 31.08.2023 жылы жер учаскесін өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шарты түзілген.
Шымкент қаласының МАЭС-тың шешімімен Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментінің жалға алу үлгілік шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.
Қала прокуратурасы бұл шешіммен келіспей апелляциялық өтінішхат енгізді.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың заңсыз берілген жер учаскесін мемлекетке қайтару туралы апелляциялық өтінішхатын қанағаттандырды.
#Заң_мен_Тәртіп