Абай ауданының прокуратурасы “Shymkent BUS” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізушілерімен кездесу ұйымдастырды.

Абай ауданының прокуратурасы “Shymkent BUS” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізушілерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Кездесу барысында жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті, соның ішінде жылдамдықты шектен асырмау, жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге басымдық беру мәселелері айтылды.

Сонымен қатар, халық көп шоғырланатын жерлерде тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Бұл шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Шымкент қаласының прокуратурасы