Бас Прокурор Берік Асыловтың тапсырмасы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында,
қалалық прокуратура, Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және кәсіпкерлер арасында ерекше назар мен қолдауды қажет ететін балаларды спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тарту жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бастаманың мақсаты — спорт және шығармашылықпен айналысу арқылы жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау, олардың жауапкершілік сезімін, өзін-өзі тәртіпке келтіру дағдысын және өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру.
Кездесу қорытындысы бойынша 32 бала спорттық секциялар мен үйірмелерге тегін негізде қабылданды. Балалардың қатысуына қажетті қаржылық шығындарды жергілікті кәсіпкерлер өз мойнына алды.
Қалалық прокуратура уақытылы көрсетілген қолдаудың жасөспірімнің өмірін жақсы жаққа өзгертуге қабілетті екенін атап өтеді. Бұл бағыттағы жұмыс ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін барлық балаларды қамту мақсатында жалғасатын болады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗаңменТәртіп
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: