Павлодар облысында алаяқтыққа қарсы күрестің жаңа әдістері талқыланды

Павлодар облысында алаяқтыққа қарсы күрестің  жаңа әдістері талқыланды

Облыс прокурорының төрағалығымен Полиция департаментінде алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша үйлестіру кеңесі өтті.

Кеңес отырысына құқық қорғау органдарымен қатар банктер, пошта қызметі, кәсіподақтар, байланыс операторлары, нотариустар мен адвокаттар қатысты.

Кеңесте «Киберпол» бөлімшесінің өткен және ағымдағы жылдардағы жұмысының нәтижелері қаралды.

Ерекше назар «кибералаяқтықпен» күресу әдістерін жетілдіруге, полицияның арнайы бөлімшесін қажетті құрал-жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтауға, сондай-ақ алаяқтардың ұялы байланыс операторларының қызметтерін пайдалануына қарсы шаралар әзірлеуге бағытталды.

Негізгі екпін халық арасында ауқымды алдын алу жұмыстарын жүргізу және алаяқтық схемаларға қарсы «ұжымдық иммунитет» қалыптастыру қажеттілігіне қойылды.

Кеңес барысында облыс прокуроры Берік Жүйріктаев қаржы ұйымдарының басшыларына, ұялы байланыс операторларына және өңірдің азаматтық қоғам өкілдеріне алаяқтарға қарсы күресте күш біріктіруді ұсынды.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға алаяқтықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары ұсынылып, барлық ұсыныстар ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.

 

#Заң_және_Тәртіп            

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: