Павлодар облысында ауыл тұрғындары үшін су жеткізу тарифі төмендетілді

Павлодар облысында ауыл тұрғындары үшін су жеткізу тарифі төмендетілді

Павлодар облысының табиғат қорғау прокуратурасы су заңнамасының сақталуын талдады.

Қазақстан Республикасының Су кодексі ауыл тұрғындары үшін судың құнын төмендетуге бағытталған субсидиялау механизмін қарастырады.

Алайда, облыстың бірқатар ауылдық елді мекендерінде маслихаттың шешімімен тек топтық су жеткізу жүйелерінен алынатын ауыз судың құны бекітілген.

Сонымен қатар, жергілікті жүйелерден (бір елді мекеннің су құбыры) су жеткізу құны белгіленбеген.

Бұл су жеткізуші кәсіпорындардың субсидия алуына кедергі жасады, себебі субсидиялардың мөлшері маслихатпен бекітілген кубометріне су құнына негізделеді.

Табиғат қорғау прокурорының наразылығымен маслихаттың тек топтық жүйелерден алынатын ауыз судың құнын реттейтін шешімі жойылып, барлық су жеткізу көздерін қарастыратын жаңа нормативтік құқықтық акт қабылданды.

Енді маслихаттың жаңа шешімі бойынша 1 м³ пайдаланылатын су үшін 185 теңге көлемінде ақы белгіленді, бұл бұрынғы тарифтерден орташа 30%-ға төмен.

Қабылданған бақылау шараларының нәтижесінде облыс бойынша 45 мың тұтынушы үшін су жеткізу тарифі төмендетілді.

 

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗаңменТәртіп

 

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: