
Аққулы ауданы Ертіс өзенінің жайылмасында прокуратураның координациясымен заңсыз ағаш кесумен айналысқан тұлғалар тобы ұсталды.
Ұсталғандардың бірі Павлодар облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкері болып шықты.
Қылмыстық кодекстің 340-бабы 3-бөлігі және 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында полиция қызметкерлері ұрланған ағаштар мен қылмыс құралдарын тәркіледі.
Экологияға келтірілген шығын 1,3 миллион теңгеден астам соманы құрады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілді.