Прокурорлардың актілері бойынша бюджеттің шығындалуына жол берілмеді

Прокурорлардың актілері бойынша  бюджеттің шығындалуына жол берілмеді

Павлодар қаласының прокуратурасы 2 ауылда сумен жабдықтау желілерін салу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

«Ай-Су Мелиорация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ЖШС) жеткізген жабдықтың құны көтерілгені, сондай-ақ жалпы сомасы 79 млн теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстарының сәйкес келмеуі анықталды.

Прокуратураның актісін орындауда Павлодар қаласының Құрылыс бөлімі ЖШС-ге мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және көрсетілген соманы өндіріп алу туралы талап қойды. Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандырудан бас тартты.

Облыс прокуратурасының өтінішхаты және Бас Прокурордың кассациялық наразылығын қарау нәтижелері бойынша Жоғарғы Сот серіктестіктен 79 млн теңге өндіріп алу және оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешім шығарды.

Павлодар облысының прокуратурасы.