Павлодар қаласында ірі кәсіпорын субъектілеріне қатысты әкімшілік қудалаудың жолы кесілді

Павлодар қаласында ірі кәсіпорын субъектілеріне қатысты әкімшілік қудалаудың жолы кесілді

Павлодар қаласының прокурорлары инвесторларды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады.

       Белгілі «FixPrice» дүкендер желісінің иесіне Павлодар қаласының СЭС басқармасы санитарлық ережелердің бұзушылықтарын, атап айтқанда, тауардың атауында мемлекеттік тілде ақпараттың болмауын көрсеткен.

       Бұдан бұрын осы аталған факті бойынша бұған дейтін құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған іс жүргізу болған.

Лауазымды тұлғалардың заңға қайшы іс-әрекеттерінің салдарынан заңды тұлғаға негізсіз 6 млн теңге айыппұл салынған, прокурордың наразылығы бойынша оның күші жойылды.

       Тағы бір жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптама бола тұра, Экология департаменті инвесторды сараптаманың болмағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартқан. Сонымен қатар тексеру нәтижесі туралы актіде экологиялық заңнама нормаларына қарама-қайшы талаптар жазылған.

Қабылданған қадағалау шараларымен заңсыз актілердің күші және тексеру қорытындысы жойылды, бизнесмендердің құқығы қалпына келтірілді, кінәлі адамдардың жауапкершілігі туралы мәселе көтерілді.

Павлодар облысының прокуратурасы.